Ижмағты жоққа шығару – күпірлік пе? Сұрақ: Ғалымдар бірауыздан келіскен шариғаттың қандай да бір заңын (ижмағ) жоққа шығару имансыздыққа жатады ма? Мысалы, діннен аттағаны үшін өлім жазасына кесілу. Көптеген мұсылмандар шариғаттың осы заңын қабылдамайды, дегенмен ол мутауатир хадистер арқылы жетпеген, алайда оған қатысты ижмағ бар. Жауап: Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен Ассалаумағалаейкум уа рахматуллаһи уә баракатуһ! Ижмағтың сенімді жолмен жетуінің үш түрлі деңгейі бар: Әл- ижмағ әл- мутауатир (тізбегі үзілмеген ижмағ). Әл- ижмағ әл- машһур (әйгілі ижмағ) Әл- ижмағ әл- ахади (жеке дара ижмағ) 1 Ижмағ әл- мутауатирды жоққа шығарған жағдайда адам Исламнан шығады. Ижмағ әл- мәшһур немесе ижмағ әл- ахадиді жоққа шығару діннен шығармайды. Алайда осы екеуін теріске шығарған болса, адасқан болып саналады, ол адамға тәубе етуге тура келеді. Одан басқа, ижмағ әл- мутауатир тек сахабалардан (оларға Алла разы болсын) жеткен болуы керек. Әлләма Қасим ибн Кутлуғба (оған Алланың рақымы болсын) сахабалар (оларға Алла разы болсын) бірауыздан келіскен ижмағты жоққа шығарса ғана ол адам Исламнан шығады деген. Ижмағты бір ғалымның анық және өзгелердің үнсіз жоққа шығаруы діннен шығармайды. 2 Жүргізілген ауқымды зерттеулерге қарамастан, діннен шығушының өлім жазасы жайлы нақты берілен ижмағ жайлы ғалымдар не айтқанын біле алмадым. Қысқаша айтқанда, қандай болмасын бір жағдайда ғалым ол амалдың күпірлік екендігіне күмәні болса, фақиһтар ол адам кәпір деген пәтуа бере алмайды. Ғалымдар тіпті жетпіс дәлелі болып және де бір ғана айқын емес дәлел тұрса, мүфти ол адамды иманды деп әрі жетпіс дәлелді жоққа шығаруға тиіс деп санайды. 3 Алла жақсы Білуші Муфтий Фараз Адам аль-Махмуди www.darulfiqh.com 1 قَالَ الشَّيْخُ الْإِمَامُ ثُمَّ هَذَا عَلَى مَرَاتِبَ فَإِجْمَاعُ الصَّحَابَةِ مِثْلُ الْآيَةِ وَالْخَبَرِ الْمُتَوَاتِرِ وَإِجْمَاعُ مَنْ بَعْدَهُمْ بِمَنْزِلَةِ الْمَشْهُورِ مِنْ الْحَدِيثِ، وَإِذَا صَارَ الْإِجْمَاعُ مُجْتَهَدًا فِي السَّلَفِ كَانَ كَالصَّحِيحِ مِنْ الْآحَادِ . (أصول البزدوي ج 3 ص 261 دار الكتاب الإسلامي) أَمَّا الَّذِي يَرْجِعُ إلَى نَفْسِهِ فَأَنْوَاعٌ: مِنْهَا إبَاحَةُ دَمِهِ إذَا كَانَ رَجُلًا، حُرًّا كَانَ أَوْ عَبْدًا؛ لِسُقُوطِ عِصْمَتِهِ بِالرِّدَّةِ قَالَ النَّبِيُّ – صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ -: «مَنْ بَدَّلَ دِينَهُ فَاقْتُلُوهُ» . وَكَذَا الْعَرَبُ لَمَّا ارْتَدَّتْ بَعْدَ وَفَاةِ رَسُولِ اللَّهِ – صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ – أَجْمَعَتْ الصَّحَابَةُ – رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ – عَلَى قَتْلِهِمْ، (بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع ج 7 ص 134) 2. (وأعلى مراتبه): باعتبار المجمعين (إجماع الصحابة () تصريحاً من الكلّ، وهذا إذا انقرض عليه عصرهم، وانتقل إلينا متواتراً، كالآية والخبر المتواتر القطعي الدلالة، يكفر جاحد حكمه، وإن نقل آحاداً كان كخبر الواحد. ثم الإجماع الذي ثبت بنص البعض منهم وسكوت الباقين، وهذا لا يكفر جاحد حكمه، وإن كان من الأدلة القطعية؛ لأنه بمنزلة العام من النصوص. (خلاصة الأفكار شرح مختصر المنار ص 68) 3. بَلْ قَالُوا لَوْ وُجِدَ سَبْعُونَ رِوَايَةً مُتَّفِقَةً عَلَى تَكْفِيرِ الْمُؤْمِنِ وَرِوَايَةٌ وَلَوْ ضَعِيفَةً بِعَدَمِهِ يَأْخُذُ الْمُفْتِي وَالْقَاضِي بِهَا دُونَ غَيْرِهَا، (حاشية ابن عابدين ج 1 ص 81 أيج أيم سعيد) http://ahlusunna.kz/?p=3729

Теги других блогов: Ислам Ижмағ Мутауатир